Фразалар

Мекенжай

Біздің үй екі көшенің бұрышында орналасқан Наш дом находится на углу двух улиц
Бұл қаланың тұрғыны емеспін Я не житель этого города
Дүкеннің алдындағы дүңгіршек Киоск перед магазином
Дүкеннің артындағы дүңгіршек Киоск за магазином
Көше қиылысы Пересечение улиц
Мекенжайыңызды айтыңыз Скажите свой адрес
Мен Алматы қаласында тұрамын Я живу в городе Алматы
Мен Есіл ауданында тұрамын Я живу в Есильском районе
Мен Әуезов театрының жанындағы үйде тұрамын Я живу в доме, который находится возле театра Ауэзова
Менің мекенжайым Мой адрес
Менің мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 85-үй, 245-пәтер Мой адрес: г.Алматы, улица Ауэзова, дом 85, квартира 245
Менің пәтерім Абай даңғылы мен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысындағы тоғыз қабатты үйде орналасқан Моя квартира находится в девятиэтажном доме на пересечении проспекта Абая и улицы Тауелсіздік
Менің үйім Абай даңғылында орналасқан Мой дом находится на проспекте Абая
Менің үйім қаланың орталығында орналасқан Мой дом находится в центре города
Менің үйім Әуезов театрының жанында орналасқан Мой дом находится рядом с театром Ауэзова
Пәтеріңіздің нөмірі қандай? Какой номер Вашей квартиры?
Пәтердің нөмірі Номер квартиры
Сіз нешінші қабатта тұрасыз? На каком этаже Вы живете?
Сіз қай көшеде тұрасыз? На какой улице Вы живете?
Сіз қайда (қай жерде) тұрасыз? Где Вы живете?
Сіздің мекенжайыңыз Ваш адрес
Сіздің мекенжайыңыз қандай? Ваш адрес какой?
Сіздің телефоныңыздың нөмірі қандай? Какой номер Вашего телефона?
Сіздің үйіңіз қай жерде орналасқан? Где находится Ваш дом?
Сіздің үйіңіз қай көшеде орналасқан? На какой улице находится Ваш дом?
Стадионның алдындағы аялдама Остановка перед стадионом
Стадионның артындағы саябақ Парк за стадионом
Тіркелген мекенжай Адрес регистрации
Театрдың алдындағы үй Дом перед театром
Театрдың артындағы үй Дом за театром
Тұрғылықты мекенжай Постоянное местожительство
Тұрғылықты тіркелу Постоянная прописка
Уақытша мекенжай Временное местожительство
Уақытша тіркелу Временная прописка
Қала тұрғыны Житель города
Қаланың шетінде (сыртында) На окраине города
Үйім көшенің біткен жерінде орналасқан Дом находится в конце улицы
Үйіңіз Абай және Достық көшелерінің қиылысында орналасқан ба? Ваш дом расположен на пересечении улиц Абая и Достык?
Үйдің орналасуы Расположение дома