Фразалар

Сұлулық салоны

Аздап иіссу бүркіп беріңізші Освежите немного одеколоном
Айнаға қарап көріңіз Посмотрите в зеркало
Басыңызды жуғызасыз ба? Голову будете мыть?
Бетіме массаж жасатайын деп едім Я хотела бы сделать массаж на лицо
Керемет, өзімді танымай қалдым Великолепно, я себя не узнаю
Кешіріңіз, косметика кабинеті қай жерде? Простите, где косметический кабинет?
Маған маникюр жасап беріңізші Сделайте мне, пожалуйста, маникюр
Маған қандай шаш үлгісі жарасады деп ойлайсыз? Как вы думаете, какая прическа мне подойдет?
Мен ашық түсті лак таңдаймын Я выбираю светлый лак
Мен шаш қиғызайын деп едім Я хотел (хотела) бы постричь волосы
Мен шашымды қалыпқа келтірейін деп едім Я хотела привести в порядок волосы
Мына жерін сәл қысқартсаңыз жетеді. Көп алмаңыз. Здесь немножко сделайте покороче. Много не берите.
Мұртымды, сақалымды тегістетейін деп едім Хотел бы подравнять усы, бороду
Мұртымды, сақалымды қысқартайын деп едім Хотел бы подстричь усы, бороду
Сіз менің шашымды дұрыс қимапсыз Вы не правильно постригли мои волосы
Сіз менің шашымды құрттыңыз Вы испортили мои волосы
Сіз шаш бояуын дұрыс таңдамағансыз Вы не правильно выбрали цвет краски для волос
Сізге өте жарасып тұр Вам очень идет
Сіздің қанша уақытыңыз бар? Сколько у вас есть времени?
Сақал-мұртты қырғызу Брить бороду и усы
Сақал-мұртымды қырып беріңізші Побрейте, пожалуйста, усы и бороду
Сәнді шаш үлгісі Модная прическа
Терім тітіркенеді, лосьон жағып беріңізші У меня раздражительная кожа, намажьте, пожалуйста, лосьон
Шаш бояту Покраска волос
Шаш бұйралату Завивка волос
Шаш сәндеуге (бояуға) қанша уақыт кетеді? Сколько времени займет укладка (покраска)?
Шаш қию үлгілерін көруге бола ма? Можно посмотреть модели стрижек?
Шаш қиғызу Стрижка волос
Шашыма лак себіңізші Покройте волосы лаком
Шашымды басқаша сәндегім келеді Хочу изменить прическу
Шашымды бұйралатайын деп едім Я хотела бы сделать завивку
Шашымды оң (сол) жаққа қайырсаңыз Сделайте пробор направо (налево)
Шашымды қара түске бояп беріңізші Покрасьте мне волосы в черный цвет
Шашымды қоңыр сары түске бояп беріңізші Покрасьте мне волосы в светло-коричневый цвет
Шашымды қызыл түске бояп беріңізші Покрасьте мне волосы в красный цвет
Шашымды өріп беріңізші Пожалуйста, заплетите мне волосы
Шашымның екі жанын (алдын, артын) қысқарақ етіп алыңызшы Сделайте покороче по бокам (спереди, сзади)
Шашыңызды қалай сәндегіңіз келеді? Какую прическу хотите сделать?
Шашыңызды қалай қиғызғыңыз келеді? Как хотите подстричься?
Шашыңызды қандай түске бояғыңыз келеді? В какой цвет хотите покрасить?
Қасымды сәл бояп беріңізші Немного закрасьте брови, пожалуйста
Қолдарыңыз алтын екен У вас золотые ручки
Өте қысқа болып кетпесін Чтобы получилось не очень коротко