Фразалар

Төтенше жағдай

12 жас шамасындағы бала Ребенок в возрасте 12 лет
Автобуста сөмкемнен әмиянымды ұрлап кетті В автобусе из сумки украли кошелек
Адам суға батып кетті Человек утонул
Апат қай жерде болды? Где произошла авария?
Біздің үйге ұрылар түсіпті В дом залезли воры
Біздің үйден өрт шықты У нас произошел пожар
Бұл жедел жәрдем бе? Это скорая помощь?
Газ баллоны жарылды Взорвался газовый баллон
Газ қызметі Газовая служба
Дүкен өртеніп жатыр Горит магазин
Дүкенге қарулы шабуыл жасалды На магазин было совершено вооруженное ограбление
Есіктің құлпы бұзылыпты Дверной замок взломан
Жас жігіт зардап шегіпті Пострадал молодой парень
Жедел жәрдем Скорая помощь
Жедел жәрдем тыңдап тұр! Скорая помощь слушает!
Жедел жәрдем шақырыңыз! Вызовите скорую помощь!
Жоғарғы қабаттан құлап кетіпті Упал с верхнего этажа
Жүрегі қысылып жатыр С сердцем плохо
Жүрек талмасы ұстап қалды Случился сердечный приступ
Кішкентай бала қатты ауырып қалды Маленький ребенок тяжело заболел
Күтіңіздер. Жедел жәрдем қазір жетеді. Ожидайте. Скорая сейчас подъедет.
Көмектесіңіздер, өтінемін! Помогите, прошу вас!
Көрші үйдің терезесінен түтін шығып жатыр Из окна соседнего дома выходит дым
Көшеде бір адам есінен танып қалды На улице один человек потерял сознание
Көшеде бір адамды машина қағып кетті На улице машина сбила человека
Көшеде біреулер төбелесіп жатыр На улице дерутся неизвестные
Мекенжайыңыз қандай? Какой ваш адрес?
Мен іздеу салынған күдікті адамды байқадым Я заметил подозреваемого в розыске
Мені алаяқтар алдап кетті Меня обманули мошенники
Мені бейтаныс біреулер ұрып кетті Меня избили неизвестные
Мені көшеде бұзақылар тонап кетті На улице меня ограбили хулиганы
Менің көлігімді ұрлап кетіпті Угнали мою машину
Менің туысым жоғалып кетті Пропал мой родственник
Науқастың жасы нешеде? Сколько лет больному?
Орта жастағы әйел адам зардап шегіпті Пострадала женщина средних лет
Орталық газ құбырынан газ шығып жатыр Исходит газ из центральной газовой трубы
Полиция бөлімшесі Полицейский участок
Полиция бөлімшесі. Сізге қалай көмектесе аламын? Полицейский участок. Чем могу вам помочь?
Пышақтан жарақаттанып қалды Поранился ножом
Суыққа беті-қолы үсіген На холоде обморожены лицо и руки
Тамақтан (газдан) уланыпты Отравился пищей (газом)
Тезірек жетіңіздер! Приезжайте быстрее!
Қай жері ауырады? На что жалуется?
Қария адам зардап шегіпті Пострадал пожилой человек
Қызуы жоғары Температура высокая
Құтқару қызметі Служба спасения
Құтқарыңыздар, кім бар?! Спасите, кто есть?!
Үйімізді тонап кетіпті Нас ограбили
Үйден газдың иісі шығады В доме пахнет газом
Өрт сөндіру қызметі Противопожарная служба