Фразалар

Кітапхана

Алфавиттік каталог қай жерде? Где находится алфавитный каталог?
Анда-санда кітапханаға барып тұрамын. Время от времени я хожу в библиотеку.
Ақпарат бергеніңіз үшін рақмет. Благодарю за информацию.
Ақпараттық технологиялар бойынша кітаптар қайда орналасқан Где расположены книги по информационным технологиям
Біздің ережелерге сәйкес кешіктірілген әрбір күн үшін ... мөлшерінде айыппұл төленеді. За каждый день просрочки по нашим правилам штраф в размере....
Біздің кітапхана – әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі. Наша библиотека одна из крупнейших в мире.
Біздің кітапханада ғаламтор желісі бар. В нашей библиотеке есть доступ к Интернету.
Бізде тек бір данасы бар екен. У нас только один экземпляр.
Билеттің артына қол қойыңыз. Распишитесь, пожалуйста, на обратной стороне билета.
Биографиялық кітаптар қай жерде орналасқан? Где находятся биографические книги?
Бұл кітап 5 күннен кейін келеді. Эта книга будет доступна через 5 дней.
Екі жылға аштырайын деп едім Хотел(а) бы открыть на два года
Ертең кітапты тапсыруды ұмытпа. Не забудь завтра сдать книгу.
Жоқ, менің оқырман билетім жоқ Нет, у меня нет читательского билета
Иә, менің оқырман билетім бар Да, у меня есть читательский билет
Кітап алу Брать книгу
Кітап бұрыштағы ең соңғы сөреде екен. Книга на последней полке в самом углу.
Кітап осы бөлімге тіркелген, бірақ мен оны сөрелерден таппадым. Книга значится в этом отделе, но я не нашел ее на полках.
Кітапты қашан тапсыру керек? Когда срок сдачи книг?
Кітаптың авторы кім? Кто автор книги?
Кітаптың аты қандай? Как называется книга?
Кітапхана жабылайын деп жатыр. Библиотека закрывается.
Кітапхана қашан жабылады? Когда закрывается библиотека?
Кітапханада бірнеше бөлім бар. В библиотеке есть несколько разделов.
Кітапханада сөйлесуге тыйым салынады. В библиотеке запрещено разговаривать.
Кітапханалар әлемдік мәдениетте маңызды рөл атқарады. Библиотеки играют важную роль в мировой культуре.
Кітапхананың оқу залында үйге кітап беріледі ме? Выдается ли книга из читального зала на дом?
Кітапханаға жазылу Записаться в библиотеку
Кітапқа тапсырыс қанша уақытта дайын болады? Через какое время будет готов заказ на книгу?
Керек кітапқа тапсырысты қалай беруге болады? Как можно заказать нужную книгу?
Кешіріңіз, мен кітап алайын деп едім Извините, я хотел(а) бы взять книгу
Көшірменің орнына телефонға суретке түсіріп ала аламын ба? Могу ли я сделать фото на телефон вместо ксерокопий?
М.Әуезовтың шығармалары керек еді Мне нужны труды М. Ауэзова
Мінеки, сіздің оқырман билетіңіз. Вот ваш читательский билет.
Маған .... тақырыбында жазылған кітаптар керек. Мне нужны книги по… тематикам.
Маған кітапты қайтару керек. Мне нужно вернуть книгу.
Маған көмектесе аласыз ба? Не могли бы вы мне помочь?
Маған М.Әуезов шығармаларының 5-ші томын беріңізші Дайте мне, пожалуйста, 5-ый том сочинений М.Ауезова
Маған психологияға байланысты кітаптар керек еді Мне нужны книги по психологии
Маған тұрақты билет керек Мне нужен постоянный билет
Маған Қазақстан тарихы туралы бірнеше кітап керек Мне нужно несколько книг по истории Казахстана
Мен .... деген кітапты іздеп жүрмін. Я ищу книгу под названием…
Мен іздеген кітабымды таба алмадым. Я не смог найти книгу, которую искал.
Мен абайсызда мұқабасын жыртып алдым. Я случайно порвал обложку.
Мен кітаптарды қайтаруды ұмытып кетіппін. Я забыла вернуть книги.
Мен оқырман билетін алғым келеді. Я хочу оформить читательский билет.
Мен сізге қашан әкеліп тастауым керек? Когда я должен принести?
Мерзімді басылымдар бөлімі қай қабатта? На каком этаже находится зал периодики?
Мына кітап не туралы екен? О чем эта книга?
Мына кітаптарды қанша уақытқа алуға болады? На какой срок можно взять эти книги?
Мына кітапты кейінге қалдыруға бола ма? Можно отложить эту книгу?
Мына кітапты үйге алуға бола ма? Можно ли взять эту книгу на дом?
Мұнда сіз XVI ғасырға дейінгі ең көне басылымдарды, тіпті ақындардың, ғалымдардың және саяхатшылардың қолжазбаларын таба аласыз. Здесь вы можете найти старейшие издания вплоть до XVI века и даже рукописи поэтов, ученых и путешественников.
Не бар, не жоғын көрейін. Я посмотрю, что есть в наличии.
Ол мектептен кейін кітапханада сабақ оқиды. После школы он читает уроки в библиотеке.
Ол қазір кітапханада жұмыс жасап отыр. Сейчас он работает в библиотеке.
Оқу залдарында үйге кітап берілмейді Из читальных залов книга на дом не выдается
Оқу залы нешеде ашылады? Во сколько открывается читальный зал?
Оқу залы қай жерде? Где находится читальный зал?
Оқырман билетін аштыру үшін қандай құжаттар керек? Какие документы нужны чтобы открыть читательский билет?
Оқырман билетін қайдан аштыруға болады? Где можно открыть читательский билет?
Оқырман билетін қанша уақытқа аштырасыз? На какое время открывайте билет?
Оқырман билетіне суретіңіз керек. Нужна ваша фотография для читательского билета.
Оқырман залы Читательный зал
Сіз айыппұл төлеуіңіз керек. Вы должны заплатить пеню (штраф).
Сіз біздің кітаптарымызды ... күнге ала аласыз. Вы можете взять наши книги на … дней.
Сіз кітаптың атын, авторы мен баспасын білесіз бе? Вы знаете название книги, автора и издательский дом?
Сіз маған көмектесе аласыз ба? Вы можете мне помочь?
Сіз маған мына кітаптарды қайдан табуға болатынын айта аласыз ба? Вы не подскажете, где мне найти эти книги?
Сіз нақты бір кітапты іздеп жүрсіз бе? Вы ищете конкретную книгу?
Сіз осы қабаттағы электронды каталогты пайдаландыңыз ба? Вы пользовались электронным каталогом на этом этаже?
Сіз қай жанрдағы кітаптарды іздеп жүрсіз? Литературу какого жанра вы ищете?
Сізге уақытша билет пе, әлде тұрақты билет керек пе? Вам временный или постоянный билет?
Сіздің алдыңғы кітабыңыз қайда? Где ваша предыдущая книга?
Сіздің оқырман билетіңіз бар ма? У вас есть читательский билет?
Сізде оқырман билеті бар ма? У вас есть читательский билет?
Сіздерде халықаралық абономент бар ма? У вас есть международный абонемент?
Сіздерде электронды оқу залы жұмыс істейді ме? У вас работает электронный зал?
Сөздіктерді анықтамалық әдебиеттер бөлімінен таба аласыз. Вы найдете словари в зале справочной литературы.
Тіркеу бөлімінен оқырман билетін аштырасыз Читательский билет можете открыть в отделе регистрации
Таба алмаған кітаптарыңыздың кодтарын жазып алдыңыз ба? Вы выписали коды книг, которые не смогли найти?
Тапсырыс беретін қағазды толтыруды түсіндіріп жіберіңізші Объясните, пожалуйста, как заполнить бланк заказа
Ғылыми-көпшілік кітаптар қай бөлімде? В каком отделе находятся научно-популярные книги?
Қазір тексеріп көрейін. Давайте я проверю.
Қазақ жазушыларының шығармалары бар ма? Есть книги казахских писателей?
Қандай кітаптарға қызығасыз? Какие книги вас интересуют?
Үйге кітап берудің тәртібі қалай? Какой порядок выдачи книг на дом?
Үйге кітап қанша мерзімге беріледі? На какое время выдаются книги на дом?
Әрине, бар. Олар келесі залда. Конечно, есть. Они в следуюшем зале.
Өзіңізге керекті кітапты тапқан соң кітапханашының үстеліне апарыңыз. После тога как найдете нужную книгу, отнесите ее к столу библиотекаря.