Фразалар

Қазақстан қалалары

2011 жылы Алматыда жетінші Қысқы Азия ойындары өтті. В 2011 году в Алматы прошли седьмые Зимние Азиатские игры.
Азамат, саған Қазақстанның қандай қалалары ұнайды? Азамат, какие города Казахстана тебе больше нравятся?
Айша Бибі кесенесі Тараз қаласының маңында орналасқан. Мавзолей Айша Биби находится в окрестностях города Тараз.
Айша Бибі кесенесі қайда орналасқан? Где находится мавзолей Айша Биби?
Алатаудың етегінде «Медеу» мұз айдыны бар. У подножья Алатау находится каток «Медеу».
Алматы Алатау тауларының баурайында орналасқан. Алматы расположен на склонах гор Алатау.
Алматы қаласындағы «Медеу» мұзайдынына барайық! Поехали на каток «Медеу» в Алматы!
Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы. Алматы – крупнейший город Казахстана.
Алматыда Республика сарайы, Достық үйі, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы бар. В Алматы находятся Дворец Республики, Дом Дружбы, Дворец спорта, Дворец школьников.
Алматыдан 195 шақырым қашықтықта Шарын шатқалы бар. В 195 километрах от Алматы есть Чарынский каньон.
Алматының табиғаты əдемі екен! Природа Алматы прекрасна!
Апорт алмасы – Алматының символы. Яблоки апорт – символ города Алматы.
Арман жазғы демалысын Таразда өткізді. Арман провел летние каникулы в Таразе.
Астана – Ұлан-Батырдан кейінгі əлемдегі екінші суық астана. Астана – вторая самая холодная столица в мире после Улан-Батора.
Астана 1832-1961 жылдар аралығында Ақмола қаласы болып аталды. С 1832 по 1961 год Астана называлась городом Акмола.
Астана – алып құрылыстар қаласы. Астана – город огромных зданий.
Астана – Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Астана – центр политической жизни Казахстана.
Астана – Қазақстанның астанасы. Астана – столица Казахстана.
Астанада көптеген саябақтар бар. В Астане много парков.
Астанада университеттер, институттар, колледждер бар. В Астане есть университеты, институты, колледжи.
Атырау қаласында тағы қандай сəулет ескерткіштері бар? Какие еще памятники архитектуры есть в городе Атырау?
Аяулымның ата-әжесі Талдықорғанда тұрады. Бабушка и дедушка Аяулым живут в Талдыкоргане.
Ақтау Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Актау расположен на берегу Каспийского моря.
Байқоңырда ғарыш айлағы бар. На Байконуре есть космодром.
Барған жерлердің көрікті орындарын суретке түсірмекпін. Собираюсь сфотографировать достопримечательности посещенных мест.
Бұл жерде суретке түсуге бола ма? Здесь можно делать снимки?
Бұл менің туған жерім. Это мой родной город (край).
Бұл Қазақстандағы әйгілі ескерткіштердің бірі болып саналады. Это один из известных памятников Казахстана.
Кесене ЮНЕСКО тізіміне енген. Мавзолей включен в список реесторов ЮНЕСКО.
Көктөбе туралы айтып бересіз бе? Можете рассказать про Коктобе?
Көктөбеге қалай шығуға болады? Как можно подняться на Коктобе?
Көктөбеден қала жақсы көрінеді. Из Коктобе открывается хороший вид на город.
Мен .... қаласында тұрамын. Я живу в городе…
Мен Ақтау қаласын көргім келеді. Я хочу увидеть город Актау.
Мен Көкшетау қаласында тудым. Я родился в Кокшетау.
Мен Өскемен қаласында тұрамын. Я живу в Усть-Каменогорске.
Метро бүкіл қаланы қамтыған ба? Метро охватывает весь город?
Республика алаңында Тәуелсіздік монументі орналасқан. Монумент Независимости расположен на площади Республики.
Сен Астанада болдың ба? Ты был в Астане?
Сен қай қаладансың? Из какого ты города?
Тараз – Қазақстандағы ең ежелгі қалалардың бірі. Тараз – один из древнейших городов Казахстана.
Түркістан қаласына дейін неше сағат жүреміз? Сколько времени нам ехать до города Туркестан?
Шымкент қаласының жақсы дамыған саласы – жеңіл өнеркәсіп: мақта-мата комбинаты, тігін фабрикасы. В Шымкенте хорошо развита легкая промышленность: хлопчатобумажная фабрика, швейная фабрика.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? Какой город является центром Восточно-Казахстанской области?
Қазіргі Шымкент – еліміздің ірі өндіріс және мәдениет орталықтарының бірі. Современный Шымкент – один из крупнейших промышленных и культурных центров страны.
Қазақстанда 8500-ден аса өзен, 7000 көл бар. В Казахстане имеется более 8500 рек, 7000 озер.
Қазақстанда неше облыс бар? Сколько областей в Казахстане?
Қазақстанда қандай өзен-көлдер бар? Какие в Казахстане есть реки и озера?
Қазақстанның батысында Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау қалалары орналасқан. Города Атырау, Актобе, Уральск, Актау расположены на западе Казахстана.
Қазақстанның батысында қандай қалалар бар? Какие города на западе Казахстана?
Қазақстанның ең ірі қандай өзендері бар? Какие есть крупнейшие реки Казахстана?
Қазақстанның оңтүстігінде Алматы, Қызылорда, Шымкент, Тараз қалалары орналасқан. Города Алматы, Кызылорда, Шымкент и Тараз расположены на юге Казахстана.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде қандай қалалар бар? Какие города расположены на севере Казахстана?
Қазақстанның шығысында қандай қалалар бар? Какие города на востоке Казахстана?
Қала ... өзенінің (көлінің) бойында орналасқан. Он расположен на реке (озере) ..... .
Қала .... жылы құрылған. Город был основан в ... году.
Қалада бұрын осындай ауқымды спорттық шара өтіп пе еді? Проводились ли раньше в городе спортивные мероприятия такого масштаба?
Қалада тарихи орындар, мұражайлар, әдемі ғимараттар, бақтар көп. В городе много исторических мест, музеев, красивых зданий и садов.
Қаланың батысы мен шығысынан үлкен Алматы, кіші Алматы өзендері ағып жатыр. Реки Большая Алматинка и Малая Алматинка текут с запада и востока города.
Қарағанды қаласы 1934 жылы 10 ақпанда құрылған. Город Караганда был основан 10 февраля 1934 года.
Қарағанды қаласы – бұл индустриалдық орталық, теміржол мен әуе жолының аса маңызды торабы, ғылымы мен мәдениеті дамыған қала. Город Караганда – промышленный центр, важнейший узел железных и воздушных путей, город с развитой наукой и культурой.
Қарағандыда көмір өңдіретін ірі кәсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ көптеген көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. В Караганде расположены крупные предприятия угледобывающей, машиностроительной, металлообрабатывающей и пищевой промышленности, а также множество предприятий транспорта и связи.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Мавзолей Ходжи Ахмета Яссауи расположен в городе Туркестан.
Қызылорда – күріштің отаны. Кызылорда – родина риса.