Фразалар
Қазақстан жері
Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар
В бескрайних степях нашей страны есть бесчисленные богатства
Табиғат байлығын қорғау, қамқорлыққа алу – зор міндет
Защищать и опекать природные богатства – большая задача
Табиғаттың көркі – дала, тау, теңіз, ұшқан құс пен жортқан аң
Красота природы – это степь, горы, море, птицы и звери
Қазақстан дәнді дақылдар, азық-түлік пен техникалық дақылдардың ірі өндірушісі
Казахстан является крупным производителем зерновых, пищевых и технических культур
Қазақстан Еуропа мен Азияның арасында қос құрлықтың дәл ортасында жатқан ел
Казахстан – это страна, которая находится в центре двух континентов, между Европой и Азией
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-орынды алады
Казахстан занимает 9-е место в мире по площади суши
Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 3000 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырым
Земля Казахстана с запада на восток простирается на 3000 км., с севера на юг на 1700 км
Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі айқын білінеді
Казахстан расположен в южной части умеренного климатического пояса, поэтому четко выражены четыре сезона
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым
Площадь территории Республики Казахстан составляет 2,7 миллиона квадратных километров
Қазақстан халқының басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды
Большинство населения Казахстана коренные казахи
Қазақстанда өзге елдерде кездесетін топырақ түрлерінің түгелдей дерлігі тараған
Практически все типы почв, встречающиеся в других странах, широко распространены в Казахстане
Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар
На обширной территории Казахстана насчитывается 99 элементов таблицы Менделеева