Фразалар

Тілектер

Аман барып, сау қайтыңыз! Желаю доехать и вернуться здоровыми!
Арманыңызға жетіңіз! Желаем достичь своей мечты!
Ас болсын! Приятного аппетита!
Аспанымыз ашық болсын! Пусть небо будет ясным!
Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз! Будьте счастливы с детьми!
Баланың бірінші қадамы құтты болсын! Поздравляю с первым шагом ребенка!
Бар армандарыңыз орындалсын! Пусть сбудутся все ваши мечты!
Барлық дұға-тілектеріңіз бен арман-мақсаттарыңыз орындалсын! Пусть сбудутся все ваши молитвы и мечты!
Барлық жақсылықты тілеймін! Желаю всего наилучшего!
Бауырларың бүтін болсын! Пусть твои родные будут здоровы!
Бағың ашылсын! Будь счастлив!
Дастархандарыңыз мол болсын! Пусть Ваш дастархан будет обильным!
Денсаулығыңыз мықты болсын! Крепкого здоровья!
Денсаулығыңыз мықты болсын! Пусть Ваше здоровье будет крепким!
Еңбегіңіз жансын! Вознаградится Ваш труд!
Жазылып кет! Выздоравливай!
Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз! Удобно вам спать и бодро встать!
Жастар бақытты болсын! Пусть молодые будут счастливы!
Жақсы демалыңыз! Хорошего отдыха!
Жақсылық болсын! Пусть будет все хорошо!
Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін! Желаю Вам удачи на новой работе!
Жол болсын! Счастливого пути!
Жүзіңізден күлкі кетпесін! Пусть не сходит с Вашего лица улыбка!
Зор денсаулық тілеймін! Желаю крепкого здоровья!
Игілігіңе ки! Носи на счастье!
Көп жаса! Дай Бог тебе долгой жизни!
Менің игі тілектерімді қабыл алыңыз Примите мои добрые пожелания
Мол бақыт, табыс, жемісті еңбек тілейміз! Желаем счастья, успехов и плодотворной работы!
Мол табыс тілеймін! Желаю больших успехов!
Мың жаса! Живи тысячу лет!
Нәрестенің бауы берік болсын! Поздравляем с младенцем!
Отбасыңа амандық тілеймін! Желаю благополучия вашей семье!
Сау болыңыз, ауырмаңыз! Будьте здоровы, не болейте!
Саған бақыт тілеймін! Желаю тебе счастья!
Саған өмір сыйлаған ата-анаң аман болсын! Пусть будут здоровы Ваши родители, подарившие вам жизнь!
Сәттілік тілеймін! Желаю удачи!
Тілек қабыл болсын! Пусть сбудутся все пожелания!
Татулық пен ынтымақ тілеймін! Желаю мира и согласия!
Таудай болсын, ғұмырлы болсын! Пусть растет большой как гора, пусть будет долгожителем!
Тез жазылыңыз! Быстрее поправляйтесь!
Төріңнен қарт кетпесін! Пусть у тебя дома всегда будет пожилой человек на почетном месте!
Қайда жүрсең де, аман бол! Где бы ты ни был, будь здоров!
Қоныс құтты болсын! С новосельем!
Қосағыңмен қоса ағар! Встретить вам вместе глубокую старость!
Құдалық берік болсын! Да будет крепким сватовство!
Құсың құтты болсын! Поздравляю тебя с женитьбой!
Үйлеріңіз құтты болсын! Поздравляю с новосельем!
Ұзақ өмір тілеймін! Долгих лет жизни!
Өзіңді сақта! Береги себя!
Өмір жасың ұзақ болсын! Дай Бог тебе долгой жизни!
Өркенің өссін! Пусть множится твое потомство!