Ы.Алтынсарин. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

И. Алтынсарин. Паук, муравей, ласточка

Әкесі он жасар ұл баласымен далада келе жатады. Әкесі баласынан сұрады:

Анау өрмекшіні көрдің бе, не істеп жүр?

Көрдім, өрмек тоқып жүр.

Анау құмырсқаны көрдің бе?

Көрдім, аузында бір нанның қиқымы бар, жүгіріп кетіп барады.

Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.

Сонда әкесі айтты:

Олай болса, шырағым, осы кішкентай жәндіктер саған үлгі. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етеді.

Құмырсқа бала-шағасына тамақ аулап, бір нанның қиқымын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғанынан үйіне жүгіріп қайтып барады.

Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай бос жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, деді.


Отец и его десятилетний сын шли по полю. Отец спросил сына:

Видишь вон того паука, что он делает?

Вижу, он плетет паутину.

Видишь вон того муравья?

Вижу, он бежит с крошкой хлеба во рту.

Посмотри вверх, что видно в небе?

Вверху летит ласточка и в клюве держит травку.

Тогда его отец говорит:

Раз так, светик мой, эти маленькие существа для тебя пример. Паук расставляет паутину, ловит в нее комаров и мух и употребляет их в пищу.

Муравей ищет пищу для своих детей. Найдя одну крошку хлеба, он не съест ее, а возьмет в рот и от радости побежит обратно домой.

Ласточка собирает травку, чтобы сделать гнездо для своих птенцов. Нет ни одной живой души, которая не трудилась бы. И тебя Бог создал не для того, чтобы бездельничать, нужно привыкать к труду.

Наша главная задача - при помощи технологий предоставить каждому доступ к обучению, сравнимому с занятиями с репетитором.

!
.
©2018 «Некоммерческое акционерное общество Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова»
Войти
или
Впервые на Tilqural.kz? Регистрация