А.А.Милн. Винни Пух және бәрі-бәрі-бәрі
– Не болып қалды? - деп сұрады Пух.
– Бірдеңе болып қалды ма екен?
– Жоқ, бірақ сен өте мұңды көрінесің.
– Мұнды? Неліктен мен мұңды болуым керек? Бүгін менің туған күнім ғой. Жылдың ең жақсы күні!
– Сенің туған күнің бе? – деп сұрады қатты таңғалған Пух.
– Әрине. Байқамай тұрсың ба? Мына сыйлықтардың барлығына қара. – Туған күнге арналған бәлішке қара!
Пух алдымен оңға, содан кейін солға қарады.
– Сыйлықтар? - деді ол. – Туған күніне арналған бәліш пе? Қайда?
– Сен оларды көрмей тұрсың ба?
– Жоқ, – деді Пух.
– Мен де, – деді Иа-Иа. – Бұл әзіл, – деп түсіндірді ол. – Ха-ха.
– Бүгін сенің туған күнің екені рас па? – деп сұрады Пух.
– Рас.
– Ох! Ал, құттықтаймын сені және осы күні көп-көп бақыт тілеймін.
– Мен де сені құттықтаймын және осы күні көп-көп бақыт тілеймін, қонжық Пух.
– Бірақ бүгін менің туған күнім емес қой.
– Жоқ, сенікі емес, менікі.
– Ал сен «осы күні саған бақыт тілеймін» деп айтасың.
– Что случилось? - спросил Пух.
– А разве что-нибудь случилось?
– Нет, но у тебя такой грустный вид.
– Грустный? Отчего это мне быть грустным? Сегодня же мой день рождения. Самый лучший день в году!
– Твой день рождения? - спросил Пух, ужасно удивленный.
– Конечно. Разве ты не замечаешь? Посмотри на все эти подарки. – Посмотри на именинный пирог!
Пух посмотрел сначала направо, потом налево.
– Подарки? - сказал он. – Именинный пирог? Где?
– Разве ты их не видишь?
– Нет, - сказал Пух.
– Я тоже, - сказал Иа-Иа. –Это шутка, - объяснил он. – Ха-ха.
– А сегодня правда твой день рождения? - спросил Пух.
– Правда.
– Ох! Ну, поздравляю тебя и желаю много-много счастья в этот день.
– И я тебя поздравляю и желаю много-много счастья в этот день, медвежонок Пух.
– Но ведь сегодня не мой день рождения.
– Нет, не твой, а мой.
– А ты говоришь "желаю тебе счастья в этот день".