А.Линдгрен. Балақай және шатырда тұратын Карлсон
Стокгольм қаласында, кәдімгі көшеде, кәдімгі үйде Свантесон есімді қарапайым швед отбасы тұрады. Бұл отбасы ең қарапайым әкеден, ең қарапайым анадан және ең қарапайым үш жігіттен – Бо́ссе, Бе́тан және Балақайдан тұрады.
– Мен, тіпті де ең қарапайым бала емеспін, – деді Балақай.
Мұнысы, әрине, өтірік. Жер бетінде құлағы кір-кір болып, шалбарының тізесі жалбырап жүретін жеті жасар, көк көз бала қаншама, ендеше күмәнданатын түгі жоқ. Балақай – кәдімгі-ақ бала.
Боссе он бес жаста, ол мектеп тақтасының алдынан гөрі, футбол қақпасында тұрғанды ұнатады, ендеше – ол да қарапайым ғана бала.
Бетан он төрт жаста, оның бұрымдары да өзге қарапайым қыздардікі секілді, аумай қалған.
В городе Стокгольме на самой обыкновенной улице в самом обыкновенном доме живёт самая обыкновенная шведская семья по фамилии Свантесон. Семья эта состоит из самого обыкновенного папы, самой обыкновенной мамы и трёх самых обыкновенных ребят – Бо́ссе, Бе́тан и Малыша.
– Я вовсе не самый обыкновенный малыш, – говорит Малыш.
Но это, конечно, неправда. Ведь на свете столько мальчишек, которым семь лет, у которых голубые глаза, немытые уши и разорванные на коленках штанишки, что сомневаться тут нечего: Малыш – самый обыкновенный мальчик.
Боссе пятнадцать лет, и он с большей охотой стоит в футбольных воротах, чем у школьной доски, а значит – он тоже самый обыкновенный мальчик.
Бетан четырнадцать лет, и у неё косы точь‑в‑точь такие же, как у других самых обыкновенных девочек.