І.Есенберлин. Көшпенділер
Шыңғысханның Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле есімді төрт ұлы болған. Төртеуі әлем қожасы Шыңғысхан жаулап алған жерді төрт ұлысқа бөліп, әрқайсысы өз ұлысын басқарды.
Шыңғысхан өлген бойда әлем қожасының төрт ұлының арасында жанжал басталды. Жанжал Шыңғыс ордасы — Қарақұрым Ұлы тағын кім иеленетіндігінен шығады да, аяғы ұлыс арасындағы жер, атақ, бақ тартысына айналады. Жошы мен Төле ұрпағы – бір жақ, Үгедей мен Жағатай ұрпағы – екінші жақ. Шыңғысхан өлгеннен кейін Қарақұрым тағына Үгедей отырады. Үгедейден кейін оның баласы Күйік ұлы хан болады. Күйіктен кейін Жошының екінші ұлы, Алтын Орданың алғашқы ханы, атақты Батудың арқасында қазақтар Мөңке деп атап кеткен, Төленің үлкен баласы Меңгу Қарақұрымға хан сайланады. Мөңкені хан сайларда, өздерінің күшінің жетпейтінін білген Үгедей мен Жағатайдың балалары толып жатқан сылтау тауып, ұлы құрылтайға келмей қалады.
Четырех сыновей имел Чингисхан: Джучи, Джагатая, Угедея и Туле. Четверо разделили на четыре улуса земли, завоеванные хозяином мира Чингисханом, и каждый правил своим улусом.
Со смертью Чингисхана между четырьмя сыновьями владыки мира началась ссора. Конфликт возник из-за того, кто займет ставку Чингизхана – Великий престол в Каракоруме, и в конце превращается в борьбу между улусами за землю, славой, счастьем. Потомки Джучи и Туле по одну сторону, потомки Угэдэй и Жагатай по другую сторону. После смерти Чингисхана Угедей воссел на престол в Каракоруме. После Угедея великим ханом стал сын его Гуюк. После Гуюка ханом Каракорума был избран старший сын Туле – Менгу, которого казахи прозвали Мунке благодаря знаменитому Батыю – второго сына Джучи, первого хана Золотой Орды. И когда избирали ханом Мунке, дети Угедея и Джагатая, которые знали, что они недостаточно сильны, нашли массу поводов и не приехали на великий курултай.