Мәтіндер

А.К. Дойл. Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсонның хикаялары

Менің Англияда не достарым, не жақын туыстарым болмады, сол себепті жел секілді еркін болдым. Қалай десем де, күніне он бір шиллинг және алты пенс алатын бос адам қандай болса, мен сондай болдым. Осындай жағдайда мені, әрине, Лондон өзіне тартып тұрды, бұл жер Империяның барлық жұмыссыз сенделген тойқұмарлары жиналатын тұндырғыш секілді еді.

Мен ол жерде біраз уақыт Стрэндте орналасқан жеке қонақүйде тұрдым, ондағы уақытым өмірдің көңілсіз және мағынасыз кезеңі болды, өзімде бар ақшаны тектен-текке алаңсыз жұмсаумен болдым. Қысқа уақыт ішінде менің қаржылық жағдайым өте қорқынышты деңгейге жетті, сол кезде мен не астананы тастап, ауылға кетуім керек екенін немесе өмір сүру салтымды өзгертуім керек екенін түсіндім. Соңғысын таңдап, қонақүйден көшіп, тым заманауи әрі қымбат емес баспана табудың жоспарын ойластыра бастадым.

Дәл сол күні, осы шешімді қабылдаған күні «Крайтирион барда» біреу келіп менің иығымнан қақты. Бұрылып қарап, бір кездері «Бартс» ауруханасында менің қарамағымда фельдшер болып жұмыс істеген жас Стэмфордты таныдым. 

В Англии я не имел ни друзей, ни родственников, поэтому был свободен как ветер по крайней мере настолько, насколько может быть свободен человек, получающий одиннадцать шиллингов и шесть пенсов в день. В подобных обстоятельствах меня, естественно, потянуло в Лондон, в этот отстойник, куда непреодолимо стекаются все праздношатающиеся бездельники Империи. Там я жил некоторое время в частной гостинице на Стрэнде, ведя тоскливое и бессмысленное существование и тратя имевшиеся у меня деньги весьма беспечно. Вскоре мое финансовое положение стало ужасающим, и я понял, что должен либо покинуть столицу и удалиться в деревню, либо совершенно изменить образ жизни. Сделав выбор в пользу последнего, я начал раздумывать над тем, чтобы съехать из гостиницы и поселиться в каком-нибудь менее фешенебельном и дорогом жилище.

В тот самый день, когда я пришел к этому решению, в «Крайтирион баре» кто -то похлопал меня по плечу, и, обернувшись, я узнал молодого Стэмфорда, некогда работавшего у меня фельдшером в госпитале «Бартс».