Мәтіндер

А.Линдгрен. Балақай және шатырда тұратын Карлсон

Жаз келді. Мектепте сабақ аяқталып, Балақайды ауылда тұратын әжесіне аттандырғалы жатыр. Бірақ кеткенге дейін тағы бір маңызды оқиға өтетін боп қалды; Балақай сегіз жасқа толды. Ой, Балақай өзінің туған күнін қалай ұзақ күтті десеңізші! Жеті жасқа толған күннің ертесіне-ақ күтуге кіріскен.

Туған күннің аралығы мұншама ұзақ болар ма тура жаңа жыл мерекесінің ұзақтығымен бірдей.

Сол салтанатты күннің алдындағы кешке Балақай Карлсонмен сөйлескен.

Ертең менің туған күнім, деді Балақай. – Гунилла мен Кристер маған қонаққа келеді, бізге арнап менің бөлмемде дастарқан әзірлейді... – Балақай үндемей қалды; жүзі түнере түсті. – Сені де шақырайын десем, деді ол кібіртіктеп, бірақ…

Шешесі Карлсонға тісін қайрап жүрген, сондықтан да рұқсат сұрағанмен пайда жоқ.

Карлсон астынғы ернін мүлде дүртитіп жіберді. Ол бұрынды-соңды дәл осылай ренжімеген еді.

Егер мені шақырмасаң, онда ендігәрі сенімен ойнамаймын! Менің де көңіл көтергім келеді.

Жарайды, келе бер, деді Балақай асығыс сөйлеп.

Ол шешесімен сөйлеспекке бекінді. Тіпті дүние өртеніп кетсе де, туған күнді Карлсонсыз тойлау мүмкін емес болатын.

Настало лето. Занятия в школе кончились, и Малыша собирались отправить в деревню, к бабушке. Но до отъезда должно было ещё произойти одно важное событие Малышу исполнялось восемь лет. О, как долго ждал Малыш своего дня рождения! Почти с того дня, как ему исполнилось семь.

Удивительно, как много времени проходит между днями рождения, почти столько же, сколько между рождественскими праздниками.

Вечером накануне этого торжественного дня у Малыша был разговор с Карлсоном.

Завтра день моего рождения, сказал Малыш. Ко мне в гости придут Гунилла и Кристер, и нам накроют стол в моей комнате… Малыш помолчал; вид у него был мрачный. Мне бы очень хотелось и тебя пригласить, продолжал он, но…

Мама так сердилась на Карлсона, что бесполезно было просить у неё разрешения.

Карлсон выпятил нижнюю губу больше, чем когда бы то ни было:

Я с тобой не буду водиться, если ты меня не позовёшь! Я тоже хочу повеселиться.

Ладно, ладно, приходи, торопливо сказал Малыш.

Он решил поговорить с мамой. Будь что будет, но невозможно праздновать день рождения без Карлсона.