Мәтіндер

А.Беляев. Адам-амфибия

Жаңбыр басылды. Ол найзағайдың соңынан шығысқа қарай жөңкіліп жөнелді. Жел өзгерді. Тропикалық терістіктен жылы леп соға бастады. Бұйра бұлттар арасынан көгілдір аспан ойықтары көрінеді. Бір сәт күн сәулесі де бұлтты тесіп өтіп, толқындарға соқты. Оңтүстік-шығыс беттегі әлі түнерулі, тұнжыраулы аспанда қосарлана кемпірқосақ пайда болды. Мұхит беті танымайтындай өзгеріп сала берді. Күн нұры түскен тұстары қорғасындай қара сұр реңінен айырылып, көгілдір, ойық-ойық ашық жасыл түске енген.

Күн! Қас қағым сәтте-ақ аспан мен мұхит, жағалау мен алыс таулар күрт өзгеріп сала берді. Жауын мен дауылдан кейінгі дымқыл да жеңіл ауа қандай ғажап еді десеңізші! Ихтиандр біресе өкпесімен таза да шипалы теңіз ауасын сімірсе, біресе желбезегімен тез-тез тыныстайды. Адамдар арасында тек Ихтиандр ғана дауыл, найзағай, жел, толқын, жаңбырдың аспан мен мұхитты, ауа мен суды астастырып жіберген кезінен кейінгі тыныстың қалайша кеңитінін, әрі судағы оттегінің қалайша көбейетінін жетік білетін. Мұндайда балық атаулы, бүкіл теңіз мақұлықтары атаулы түгелімен жанданып, жадырап сала беретін еді.

Нөсер+жауын мен дауылдан кейін теңіз түбіндегі ну жыныстардан, суасты жартастарының тар қуыстарынан, қалың өсімдіктер мен қайраңдардан қаптап ұсақ шабақтар, соларға ілесе тұңғиық тереңнен ірі-ірі балықтар, ең ақырында, толқын әлсіреп, теңіз әбден толастаған кезде, әлсіз де нәзік медузалар, түк салмағы жоқ, мөлдір түсті шаяндар, тағы басқа теңіз жәндіктері өріп шыға келеді.

Дождь перестал. Его унесло вслед за грозою куда‑то на восток. Ветер переменился. С тропического севера подуло теплом. Сквозь тучи показались куски голубого неба. Прорвались солнечные лучи и ударили по волнам. На юго‑востоке на темном еще, мрачном небе появляется двойная радуга. Поверхность океана изменилась до неузнаваемости. Теперь он не свинцово‑темный, а синий, с ярко‑зелеными пятнами в тех местах, где прорвались солнечные лучи.

Солнце! В одно мгновение небо и океан, берег и далекие горы стали иными. Какой чудесный, легкий, влажный воздух после грозы и бури! Ихтиандр то вбирает в легкие чистый, здоровый морской воздух, то начинает усиленно дышать жабрами. Среди людей только Ихтиандр один знает, как легко дышится после того, как буря, гроза, ветер, волны, дождь перемешают небо с океаном, воздух с водою и густо насытят воду кислородом. Тогда оживают все рыбы, все морские твари.

После грозы и бури из зарослей морских джунглей, из тесных щелей скал, из чащи причудливых кораллов и губок выплывают мелкие рыбки, за ними появляются скрывавшиеся в глубине крупные рыбы и, наконец, когда уже совсем утихнет, всплывают нежные, слабые медузы, прозрачные, почти невесомые рачки, сифонофоры, гребневики, венерины пояса.