Мәтіндер

Марк Твен. Том Сойердың басынан кешкендері

Жазғы кештер ұзақ болады ғой. Әлі қараңғылық түсе қойған жоқ еді. Том кенет ысқырғанын қоя қойды. Өзінен ересектеу, танымайтын бір бала қарсы алдына келіп қалыпты. Қай жыныста және қай жастағы болса да, жаңа адам көріне қалса, жұпыны Сент-Питерсберг қалашығының тұрғындары бірден көңіл аударатын. Оның үстіне бұл кездескен бала ерекше жақсы киінген екен жақсы киінген дегенде, мейрам күні болса екен, бұл өзі жай күн еді! Өте қызық. Бас киімі де жарасымды, әдемі-ақ, үстіне кигені тап-тұйнақтай етіп түймелерін іліп тастаған, жаңа, сәнді күртеше, шалбары да сондай жаңа. Аяғында кигені башмак, бірақ бүгін бар болғаны жұма ғой! Керек десе, алабажақ лентадан мойнына галстук те тағып алған. Жалпы айтқанда, оның түрі нағыз қалалық болатын. Бұл Томның ызасын келтірді. Осы көп-көрнекті балаға қараған сайын, осы сәнқойдың алдында мұрнын көтерген сайын, өз үстіндегі кәстөмі бұрынғыдан да жұпыны болып көрінді.

Летние вечера тянутся долго. Было еще совсем светло. Вдруг Том перестал свистеть. Перед ним стоял незнакомый мальчик чуть побольше его самого. Приезжий какого угодно возраста и пола был редкостью в захудалом маленьком городишке Сент‑Питерсберге. А этот мальчишка был еще и хорошо одет, – подумать только, хорошо одет в будний день! Просто удивительно. На нем была совсем новая франтовская шляпа и нарядная суконная куртка, застегнутая на все пуговицы, и такие же новые штаны. Он был в башмаках – это в пятницу‑то! Даже галстук у него имелся – из какой‑то пестрой ленты. И вообще вид у него был столичный, чего Том никак не мог стерпеть. Чем дольше Том смотрел на это блистающее чудо, тем выше он задирал нос перед франтом‑чужаком и тем более жалким казался ему его собственный костюм.