Мәтіндер

Н.В. Гоголь. Тарас Бульба

Жолаушылар еш оқиғаға кездеспей келе жатты. Олардың көзіне ағаш көрінбеді, айнала созылып жатқан, шексіз, тамаша дала. Кейде Днепрді жағалай өскен орманның жасыл төбесі ғана аулақтан қылтылдап көрінеді. Жан жоқ. Бір рет қана Тарас шөптің арасында көз ұшында қарайғанды нұсқап: «Ананы қараңдар, балалар, әне татар шауып бара жатыр!» деді. Шөп арасынан мұртты кішкене бас алыстан қысық көзімен бұларға қарап қойды. «Ал, балаларым, татарды қуып көресіңдер ма? Қумай-ақ қойыңдар, мың жылда ұстай алмайсыңдар: оның аты менің Перімнен де жүйрік». Әйткенмен тасаланып отырған жау бар ма деп Бульба біраз сақтық шара қолданды. Олар Днепрге құятын Татарка дейтін өзенге шаба жөнелді, аттарымен суға түсіп, іздерін жоғалту үшін суды бойлап көп жерге дейін жүзіп, судан шығып жөндеріне жүріп кетті.

Осыдан үш күн өткен соң, олар өздері бет алған жеріне де жақындап қалды. Ауа салқын тартты, Днепрдің жақын екені оларға сезіле бастады. Әне, ол көз ұшында жарқырап жатыр, қоңыр жолақ болып көкжиектен бөлініп шықты. Оның салқын толқындары бұларға жүрген сайын жақындай түсті, ақыры жер бетінің жартысын алып кетті. Бұл Днепрдің осыған дейін бөгет тасқа тіреліп, булыққан жерінен теңіздей серпіліп, жазыққа жайылып кеткен жері еді, ортадағы аралдарды жағалаудан әрі ысырып, кернеген су жолында тау мен адыр, тасты кездестірмей, қырды бойлап жайыла түскен. Казактар аттарынан түсіп, паромға мінді, үш сағат жүргеннен кейін Хортица деген аралдың жағасына келіп түсті; қонысын үнемі жаңалап отыратын Сечь бұл кезде осы аралда еді.

Жағада бір топ халық тасушылармен ұрысып жатты. Казактар ат-тұрмандарын жөндеді; Тарас бойын тіктеп, белбеуін нық байлап, паңданып, мұртын бір сипап қойды. Оның ұлдары да әлденеден сақтанғандай, әлденеге масаттанғандай, үсті-бастарын жөндеп, бүйірлерін таянысты, осылай бәрі бірге Сечьтен жарты шақырым жердегі қала түбіндегі елді мекенге енді. Кіре бергенде жерден қазып, шыммен жауып істеген жиырма бес ұста дүкендегі елу балғаның күрсілдеп соққан даусы олардың құлағын бітеп тастады. Есіктің алдындағы күркенің астында былғары илеушілер алыш қолымен өгіздің терісін уқалап отыр. Шатырдағы саудагерлер шақпақ тасын, шақпақ темірін, дәріні жайып қойған. Армян жібек, асыл орамалдарын іліп тастаған. Татар қойдың етін ұнға аунатып қуырып жатыр. Жолаушылардың бірінші кездестіргені: аяқ-қолын жазып тастап көшенің ортасында ұйықтап жатқан запорожьелік болды. Атын тоқтатқан Тарас Бульба бұл қызыққа қарамай кете алмады.

Путешественники ехали без всяких приключений. Нигде не попадались им деревья: все та же бесконечная, вольная, прекрасная степь. По временам только в стороне синели верхушки отдаленного леса, тянувшегося по берегам Днепра. Один только раз Тарас указал сыновьям на маленькую, черневшую в дальней траве точку, сказавши: «Смотрите, детки, вон скачет татарин!» Маленькая головка с усами уставила издали прямо на них узенькие глаза свои. «А ну, дети, попробуйте догнать татарина! и не пробуйте; вовеки не поймаете: у него конь быстрее моего Черта». Однако ж Бульба взял предосторожность, опасаясь где-нибудь скрывшейся засады. Они прискакали к небольшой речке, называвшейся Татаркою, впадающей в Днепр, кинулись в воду с конями своими и долго плыли по ней, чтобы скрыть свой след, и тогда уже, выбравшись на берег, они продолжали путь.

Через три дня после этого они были уже недалеко от места, бывшего предметом их поездки. В воздухе вдруг захолодело: они почувствовали близость Днепра. Вот он сверкает вдали и темною полосою отделился от горизонта. Он веял холодными волнами и расстилался ближе, ближе и, наконец, обхватил половину всей поверхности земли. Это было то место Днепра, где он, дотоле спертый порогами, брал наконец свое и шумел, как море, разлившись по воле, где брошенные в средину его острова вытесняли его еще далее из берегов и волны его стлались широко по земле, не встречая ни утесов, ни возвышений. Казаки сошли с коней своих, взошли на паром и через три часа плавания были уже у берегов острова Хортицы, где была тогда Сечь, так часто переменявшая свое жилище.

Куча народу бранилась на берегу с перевозчиками. Казаки оправили коней. Тарас приосанился, стянул на себе покрепче пояс и гордо провел рукою по усам. Молодые сыны его тоже осмотрели себя с ног до головы с каким-то страхом и неопределенным удовольствием, и все вместе въехали в предместье, находившееся за полверсты от Сечи. При въезде их оглушили пятьдесят кузнецких молотов, ударявших в двадцати пяти кузницах, покрытых дерном и вырытых в земле. Сильные кожевники сидели под навесом крылец на улице и мяли своими дюжими руками бычачьи кожи; крамари под ятками сидели с кучами кремней, огнивами и порохом; армянин развесил дорогие платки; татарин ворочал на рожнах бараньи катки с тестом. Но первый, кто попался им навстречу, это был запорожец, спавший на самой средине дороги, раскинув руки и ноги. Тарас Бульба не мог не остановиться и не полюбоваться на него.