Мәтіндер

А.Беляев. Адам-амфибия

Ихтиандр бір сәт басын көтеріп, көзін сығырайта күнге қарайды. Күн батысқа қарай ауып барады екен. Көп ұзамай кеш түспек. Бүгін мұның үйге ерте қайтқысы жоқ-ты. Көгілдір аспан қашан қоныр тартып, көкте жұлдыздар жымыңдағанша, оның тап осылай теңіз бесігінде тербетіліп жата бергісі келеді.

Әйтсе де көп ұзамай оны осынау әрекетсіздік те жалықтырады. Оған таяу маңда кішігірім теңіз мақұлықтары қырылып жатыр. Ол соларды құтқара алады. Ол су бетінен сәл көтеріле, алыстағы жағаға көз тастады. Құмды шығанақтың тайыздау тұсына қарайды. Әне, мұның көмегі сол маңға қажет. Өйткені теңіз толқынының шапши жатқан тұсы сол жер еді.

Осы құтырынған толқын әр дауылдан соң жағаға тау-тау балдырлар мен неше түрлі теңіз жәндіктерін: медузаларды, шаяндарды, теңіз жұлдызшаларын, ал кейде аңқау дельфиндерге шейін айдап шығарып тастайтын. Медузалар көп ұзамай-ақ түгел өліп тынатын, кей балықтар суға қайыра сырғып түсетін, әйтсе де көбі жағада қырылып жататын еді. Шаяндар түгел дерлік мұхитқа қайтып оралатын. Кейде толқындар жағаға шығарып тастаған құрбандықтарды теріп жеу үшін олардың өздері жағаға шығатындары да бар. Ихтиандр осынау жағаға шығып қалған теңіз мақұлықтарын ажалдан арашалауды ұнататын.

Ихтиандр приподнимает голову, щурясь, смотрит на солнце. Солнце склоняется к западу. Скоро вечер. Сегодня ему не хочется возвращаться домой рано. Он будет вот так качаться, пока не потемнеет синее небо и на нем не покажутся звезды.

Однако скоро ему надоедает бездействие. Недалеко от него гибнут маленькие морские твари. Он может спасти их. Он привстает из воды и смотрит на далекий берег. Туда, к отмели у песчаной косы! Там больше всего нужна его помощь. Там свирепствует морской прибой.

Этот бешеный прибой после каждой бури выбрасывает на берег груды водорослей и морских обитателей: медуз, крабов, морских звезд, а иногда и неосторожного дельфина. Медузы погибают очень скоро, некоторые рыбы добираются до воды, но много их гибнет на берегу. Крабы почти все возвращаются в океан. Иногда они сами выходят из воды на берег поживиться жертвами прибоя. Ихтиандр любит спасать выброшенных на берег морских животных.