Мәтіндер

В.Обручев. Жұмбақ жер

Күртіктен жырақтаған сайын көк қалыңдай бастады, мүк енді шөпке алмасып, поляр қайыңының шоқтары, жатаған үйеңкі мен жерге жабысқан қызыл шырлы кездесті. Түске тармаса күннің көзі сығалап, өсімдік дүниесін бір серпілтіп тастады. Ішке ендеп кірген сайын шоқтар да еңселеніп, кәдімгі бал қарағайлар мен ақ қайыңдар, қызыл шырпылар шығып, шөп арасында қызыл-жасыл гүлдер көріне бастады. Биіктігі үш-төрт метр ағаштардан айналасы алаңқай, әжептәуір қалың тоғайлар түзілген. Осындай тоғайлардың бірінен өткенде қарғы тағылған иттер алға жұлқи тартып, ұмтылыса түсті. Саяхатшылар мылтықтарын оңтайлап, абайлап басып тоғайдың шетіне келіп еді, алаңқайда жайылып жүрген үлкен табынды көрді. Шүйдесі өркеш сияқты біп-биік, жон арқасы қап-қара, құйрығы сабалақ қысқа сыпыртқы сияқты бір жануарлар. Біреуі басын көтеріп еді, өгізге ұқсас екен, дөң маңдайдағы шаңырақ мүйізі алға қарай иірілген. Жануар бірдеңені сезді ме, мөңіреп қалып еді, бүкіл табын дүр ете түсті.

Бөгелуге болмайды. Горюнов жақын жүрген бір бұқаны көздеп атып сап еді, ол секіріп түсіп, тізерлеп жата кетті, қалғандары жалт берді, бірақ тұра қашқан жоқ. Кейбіреулерінің мүйізі қысқа әрі нәзік екен, арасында әр жастағы тайша, тана да жүр.

По мере отдаления от сугробов растительность становилась более обильной; мох сменила трава, затем пошли кусты полярной березы, ивы и ольхи, стлавшиеся по земле. Сюда ненадолго уже заглядывало полуденное солнце, и растительность пробуждалась к жизни. Чем дальше, тем выше становились кусты, и затем полярные виды уступили место представителям более умеренной полосы появилась лиственница, белая береза, ольха, а среди травы пестрели первые цветы. Деревья достигали трех-четырех метров вышины, образуя небольшие рощи, перемежающиеся с полянами. При проходе через одну такую рощу собаки, бывшие на привязи, обнаружили беспокойство, стали рваться вперед и ворчать. Приготовив ружья, путешественники осторожно подошли к опушке и увидели на поляне большое стадо пасшихся животных. Видны были черные спины с довольно большими горбами и пушистые короткие хвосты, напоминавшие большую кисть. Когда одно из животных подняло голову, то оказалось, что она похожа на бычью, но короче и круче и увенчана большими, загнутыми вперед и вверх рогами. Животное уже почуяло опасность и издало глухое мычанье, встревожившее все стадо.

Медлить было нельзя. Горюнов выстрелил из винчестера в ближайшего быка, который подскочил и упал на колени. Остальные в недоумении шарахнулись в разные стороны, но не убежали. У некоторых рога были короче и тоньше; видны были и телята разного возраста.