Мәтіндер

И.Калашников. Сұм заман

Есукей үйінің қасында адам көп екен. Үлкен-үлкен тайқазандарда ет пісіп жатыр, от басында топырлап балалар, әрлі-берлі шапқылаған қызметшілер жүр. Үй алдындағы көлдей жайылған кілемнің үстінде Есукей зайыбымен, керей ханы Тұғырыл, Есукейдің аға-інілері, түнерген Тарғытай-Қырылдақ және басқа нояндар қымыз ішіп, әңгімелесіп отыр. Осы жерде қызметші адамдар абажадай местерден қаймана халыққа қымыз құйып беріп тұр. Бір тостағанын тастап жіберген Көші тағы сұрады. Қымыз жеңіл-желпі ғана басқа ұрды. Көші батылданып қалды, бірақ Есукейдің алдына баруға әлі де болса жүрегі дауаламады. Ол әйелі мен мазасыз кемпір Мүлкеге не сылтау айтарын білмей, жанын қинап, кілемде айналып жүрген. Сөйтіп жүргенде нояндарға қымыз құйып тұрған қызметшімен қақтығысып қалып еді, анау ал кеп жазғырсын.

Аяқ астында оралғы боп неғып жүрген немесің! Жоғал әрмен, жаман қараша!

Мен жаман емеспін! деп ашуланды Көші. Мен Есукейдің сарбазымын. Ол ұлды болды, мен де ұлды болдым.

Бұл дауыс нояндардың құлағына жетіп, әлгі сөзді жете түсіне алмай, олар бұған тыңырқаса қарасты, сол-ақ екен, Көшінің қызметшімен дауласуға ықыласы су сепкендей басылып, шегіншектей берді. Есукей мұны танып, сұқ саусағымен ымдап шақырды.

Неге айғайлап тұрсың? Не арызың бар айтатын?

Арызым жоқ айтатын. Көші құрмет қылып, тағзым жасады. Ержүрек батыр Есукей, менің әйелім ұл тапты. Енді мен... егер сенің қайырымның жетсе... білейін деп едім: мен сияқты сарбазыңа қолға түсірген олжаңнан бөлісер ме екенсің деп? Мен де той жасасам ба деп едім... Егер сен маған осы қазір бір қой берсең...

Нояндар қарқылдай күлді. Керейлердің қара шұбар ханы күлкісін жасырып, жұдырығымен иегін уқалай берді. Айтарын айтса да, сасып қалған Көшіде үн жоқ. Әуелүн еңкейіп, Есукейдің құлағына әлдене деп сыбырлады, ол мақұл деген дей басын изеді.

Сен менімен қатар жүріп соғыстың, оны мен ұмытпаймын. Олжаны сарбаздарыма тең ғып бөліп бермекпін. Ешкім ренжімейтін болады. Өз сыбағанды сен де аласын. Ал енді ұлды болған екенсің өзің... Ей, бауыршы! Мынаның үйіне семіз бір қой, қымыз бен арақ жеткізіңдер. Бұл саған берген тартуым менің. Біздің ұлдарымыз жауынгер боп өссін.

Возле юрты Есугея было полно народу. В огромных котлах варилось мясо, у огня толпились ребятишки, сновали взад‑вперед слуги. Есугей с женой, хан кэрэитов Тогорил, братья Есугея, угрюмый Таргутай‑Кирилтух и другие нойоны сидели перед юртой на огромном войлочном ковре, пили кумыс, разговаривали. Здесь же возле больших бурдюков стояли слуги и наливали кумыс простому народу. Хучу выпил чашу, попросил еще. Кумыс слегка ударил в голову. Хучу осмелел, но не настолько, чтобы подойти к Есугею. Он ходил вокруг ковра, мучительно думая, что соврать жене и въедливой старухе Мулхэ. На него налетел виночерпий, подающий кумыс нойонам, зашипел:

– Что тут путаешься под ногами! Иди отсюда, харачу несчастный!

– Я не несчастный! – возмутился Хучу. – Я воин Есугея. У него родился сын, у меня тоже родился сын.

Его голос привлек внимание нойонов, они повернулись к нему с недоумением, и у Хучу разом пропала охота спорить с виночерпием, он попятился. Есугей узнал его, поманил пальцем.

– Почему кричишь? Чем недоволен?

– Я доволен. – Хучу почтительно поклонился. – Храбрый Есугей‑багатур, у меня родился сын. Я бы хотел… если ты так милостив… хотел бы узнать, будет ли мне, твоему воину, доля из твоей добычи. Надо тоже отпраздновать… Если бы ты сейчас дал мне одного барана…

Нойоны засмеялись. Рябой хан кэрэитов, скрывая улыбку, потер кулаком подбородок. Хучу растерянно умолк. Оэлун наклонилась к уху Есугея, что‑то зашептала, он согласно кивнул головой.

– Ты сражался вместе со мной, и я этого не забываю. Я справедливо поделю добычу между своими воинами. Никто не будет обижен. Ты получишь свое. Но у тебя родился сын… Эй, баурчи! Доставьте в его юрту жирного барана, кумыса и архи. Это тебе в подарок. Пусть наши сыновья вырастут воинами.