Мәтіндер

А.Беляев. Адам-амфибия

Түс кезі. Күн шыжып кеткен, жан төзіп болмайды. Кристо жер астына орналасқан бір шағын мейманханаға кіріп тамақтанып шығуға ұсыныс жасады. Бұл ара салқын екен, бірақ іші у-шу әрі қапырық. Кір-қожалақ, олпы-солпы киінген біреулер мүңкітіп темекі тартып отыр. Ихтиандр әлгі түтіннен тұншығуға айналды, оның үстіне аналар қолдарындағы қыртыс-қыртыс газеттерін бұлғалақтатып, бұған түсініксіз әлденелерді айтысып, айқайлайды. Ихтиандр суық суды өлгенше көп ішті, бірақ асқа зауқы соқпады және мұңды үнмен былайша тіл қатты:

Мына ығы-жығы халық арасынан адам іздегеннен гөрі мұхиттан таныс балығыңды іздеп табу оңайырақ шығар. Қалаларыңыз жексұрын екен! Мына ара әрі қапырық, әрі мүңкіген сасық. Бүйірлерім шаншып ауыра бастады. Үйге қайтқым келеді, Кристо.

   Настал полдень. Жара сделалась невыносимой. Кристо предложил зайти в небольшой ресторан, помещавшийся в подвале, позавтракать. Здесь было прохладно, но шумно и душно. Грязные, плохо одетые люди курили зловонные сигары. От дыма Ихтиандр задыхался, а тут еще громко спорили, потрясая измятыми газетами и выкрикивая непонятные слова. Ихтиандр выпил очень много холодной воды, но не притронулся к завтраку и печально сказал:

– Легче найти знакомую рыбку в океане, чем человека в этом людском водовороте. Ваши города отвратительны! Здесь душно и дурно пахнет. У меня начинает колоть в боках. Я хочу вернуться домой, Кристо.