Мәтіндер

В.Обручев. Жұмбақ жер

Шенк сүр бойдақ еді, жасында көп саяхат жасаған, тундрадан мамонттың қалдықтарын іздеп Енисейдің сағасында, Байкал сырты мен Амурда зерттеу жүргізіп, Ресейге қосылған бетте Сахалиннің де жер бедері мен өсімдік дүниесін барлаған. Сонан астанаға оралған соң жинаған материалдарын өңдеуге отырған-ды. Ол жалғыз, әрі тым жұпыны тұратын, академиктік еңбекақысының басым бөлігі жас ғалымдарға көмекке жұмсалып, өзін ғұмыр бойы қызықтырып келген Сібір мен поляр елдеріне экспедиция жасақтауға ұсталатын. Қыруар ақшасы өзі зерттеуші ретінде жоғары бағалайтын Толльдің саяхатына, оны іздеушілерге кетті.

Салтанатты мәжілістен келе сала Шенк таң-тамаша жұмбақ тайпа онкилондар туралы деректер оқуға кірісті. Ықылым ғасырлар бұрын олар Чукот түбегін түгел алып тұрыпты, кейін чукчалар Мұзды мұхиттың жағасына таман тықсырыпты. Түр-тұрпаты, киім киісі, тілі мен тұрмыс-салты жөнінен чукчалардан тіптен бөлек олар туыстығы жағынан Кадьяк аралындағы алеуттерге жақын.

    Шенк был старый холостяк, много путешествовавший в молодости; он производил исследования и в низовьях Енисея, разыскивая остатки мамонта на тундре, и в Забайкальской области, и на Амуре, и даже на Сахалине, вскоре после присоединения этого далекого края к России, изучая его геологию и флору. Вернувшись в столицу, он погрузился в обработку собранных материалов.

Жил он одиноко и крайне скромно, употребляя значительную часть своего академического жалованья на помощь начинающим ученым и на субсидии экспедициям в интересовавшую его Сибирь и в полярные страны. Немало денег его ушло на путешествие Толля, которого он высоко ценил как исследователя, и на поиски его следов.

       Вернувшись с торжественного заседания, Шенк принялся за чтение сведений о загадочном племени онкилонов.

       Несколько веков назад они населяли весь Чукотский полуостров, но затем были вытеснены чукчами к берегу Ледовитого океана. По телосложению, одежде, языку и образу жизни они сильно отличаются от чукчей, и ближайшими их родственниками являются алеуты острова Кадьяк.