Мәтіндер

Ілияс Есенберлин. Көшпенділер. Алмас қылыш

Шыңғысхан заңы бойынша хан өлсе, оның орнын үлкен ұлы басуы керек. Батудың төрт ұлы болған. Алтын Ордаға Сартақ ие болуға тиісті еді. Насрани дініне кіргені болмаса, өткір, от жүректі жас екен. Және оны Мөңке хан да ұнатқан көрінеді. Бірақ Алтын Орданы оған Жошының үшінші баласы Берке қиғысы келмейді. Берке Батудың тірі күнінде көзге түскен хан ұрпағы. Мұсылман дініне кіріп, Бағдаттағы Аббасид халифатының осы кездегі халифы Мµстасимнан шапан киіп, тартуға құран алған адам. Мөңкеден Алтын Орда тағына отыруға рұқсат алуға Сартақ Қарақұрымға жүріп кеткенде, осы Берке мойнына бұршақ салып «Уә, алла, бар болсаң, Сартақты Қарақұрымға жеткізбей ал!» деп көзінен жасы сорғалап, нәр татпай, екі күн бойы құдайдан тілейді. Сартақ сұлтан жол үстінде іш ауруға ұшырап, қаза табады. Сартаққа келген құдай жіберген ажал ма, әлде Беркенің тапсыруымен сұлтанды күзетіп бара жатқан кісілердің біреуінің берген уы ма, бұны да осы күнге дейін білген жан жоқ...

   

    По завету Чингисхана трон отца должен обязательно занять старший сын. А у Батыя было четверо сыновей, и Золотой Ордой выпало править одному из них Сартаку. Хоть и принял религию гяуров этот Сартак, но не так уж набожны были чингизиды, чтобы придавать этому первостепенное значение. Несмотря на молодость, он сумел показать себя смелым и энергичным полководцем. К тому же ему покровительствовал и сам великий хан Мунке. Но третий сын Джучи хан Берке не настроен был уступать Сартаку золотоордынский престол…

Вот тогда‑то и повторилось чудо, когда‑то выручившее Батыя. Дело в том, что хан Берке принял ислам из рук самого халифа, получив от него в подарок Коран и одежду с его святого плеча. И как только выехал в Каракорум за высочайшим разрешением на ханство Сартак, хан Берке два дня не ел и не пил, а лишь молился. О том была молитва, чтобы не доехал Сартак до Каракорума. Бог услышал эту молитву и убрал неверного Сартака с пути хана Берке. Божьим оружием стала, как говорят, болезнь желудка…