Владимир Обручев. Жұмбақ жер
Жігіт келіскен күні сол сағатта келді. Шенк оны күтіп отыр еді.
– Онкилондар жайында бар деректі ақтарып шықтым, – деді ол. – Меніңше, мағлұматтар қарама-қайшы сияқты. Бұл халықтың болғанына, чукчалармен соғысқанына күмән жок, артында жұрты, тас пен сүйектен домбалдаған қару-жарақтары да қалған. Бірақ қайда ғайып болып кеткені белгісіз. Былай деп ойлауға болатын сияқты, онкилондар аралдардың бірінде азық-түлік жетіспей, иә қатыгез табиғатқа төзбей қырылып қалды, не құрлықтың бір түкпірінде тығылып жүріп індетке ұшырап өліп бітті.
– Аралдардың бірінде өлген болса, олардың сүйегі көптеп ұшырасар еді ғой, – деп қарсы дау айтты жігіт. – Адамдар із-түзсіз құрып кетпейді. Тіпті олар құрлықта тұрып өліп бітсе, жаңа көршілері – якут, тұңғыс, ламуттардың арасында аңыздар жүрер еді ғой. Ондай аңыз атымен жоқ.
– Ал сонда бұлар қайда? – деп дауыстап жіберді Шенк. – Шыбын жанын шырқыратып көкке көтеріп әкеткен жоқ қой оларды!
– Зайыры, олар Санников жерінде, әлгі жыл құстары ұшып баратын жақта, бәлкім, жолбасшы да сол қанаттылар болуы мүмкін.
– Адамдар да ұша алатын болса, бұған шүбәсіз-ақ иланар едім. Ал онкилондар ұша білмеген, демек, ол жерге не жүзіп, не мұзбен жүріп баруы керек қой. – Сумен бармаған, себебі олар малын ала кеткен, бұл байдаркаға ауыр да алапат жүк.
– Ендеше, мұзбен де өте алмаған. Қолда бар мағлұматқа қарағанда, Мұзды мұхит өн бойымен қатпайды, жағадан біраз жер ұзағанша әжептеуір ашық айдын су жатады. Сондығынан да батыл деген жұрттың бірі чукчалардың ешқайсысы да Врангель аралында болмаған, оны бірде-бір өнеркәсіпші және баспаған. Қорқақ халық деп айтуға ауыз бармайтын олар, тіпті Беннетта аралын да басып көрмеген. Барон Толльдің опат болуы – мұзбен жүру мүмкін емесінің дәлелі.
В условленный день и час молодой человек явился. Шенк ждал его.
– Я перечитал все, что известно об онкилонах, – сказал он, – и нахожу, что сведения противоречивы. Несомненно, что этот народ существовал и воевал с чукчами, оставил после себя жилища, каменное и костяное оружие. Но куда он исчез – неизвестно. Остается думать, что онкилоны или погибли на одном из островов вследствие слишком суровых условий жизни и недостатка промысловых животных, или остались на материке и вымерли давно от какой‑нибудь эпидемии.
– Если бы они погибли на островах, там были бы найдены в изобилии их кости, – возразил собеседник. – Люди бесследно не исчезают. Если бы они вымерли на материке, об этом сохранились бы предания у их новых соседей – якутов, тунгусов, ламутов. Таких преданий нет совершенно.
– Так где же они, наконец? – воскликнул Шенк. – Не на небо же они взяты живыми!
– Они, очевидно, на Земле Санникова – там же, куда летят перелетные птицы, которые, вероятно, служили им проводниками.
– Да если бы люди могли летать, я бы этому охотно поверил. Но онкилоны летать не умели и должны были пробраться на эту землю или по воде, или по льду.
– По воде они не плыли, потому что взяли с собой свои стада, а это слишком тяжелый и беспокойный груз для байдар.
– А по льду они пройти не могли. По всем имеющимся сведениям, Ледовитый океан замерзает не на всем протяжении; на некотором расстоянии от берега всегда остается более или менее широкая полоса открытой воды. Поэтому ни один чукча – а они достаточно смелый народ – не побывал на острове Врангеля и ни один промышленник – они тоже не трусы! – не достигал острова Беннетта. И гибель барона Толля доказывает, что по льду пройти нельзя!