Мәтіндер

Ілияс Есенберлин. Көшпенділер. Алмас қылыш

Кенет Әбілқайырдың есіне Шыңғыстың ел билеу жөнінде балаларына айтыпты-мыс деген қағидасы түсті.

Ұлы хан жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп, төрт баласына беріпті. Сол мәжілісте әкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы Жошы: «Ұлы мәртебелі, әлем әміршісі, хан қандай болу керек?» деп сұрапты. Шыңғыс: «Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы керек», деп жауап беріпті.

    Шыңғыстың екінші баласы Жағатай: «Ханды қайткенде халқы сыйлайды?» деп сұрапты. Шыңғысхан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе», деп жауап беріпті.

    Шыңғысханның үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспейді?» деп сұрапты. Шыңғысхан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады», деп жауап беріпті.

    Шыңғыстың төртінші баласы Төле: «Қандай хан абыройлы болады?» деп сұрапты. Шыңғысхан: «Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алар хан әрқашанда абыройлы болады», деп жауап береді.

    Шыңғысханның осы төрт ақылын алған төрт баласы өле-өлгенше абыройлы хан болып өтіпті-міс.

        Әбілқайыр да осы төрт өсиетке бас иген адам. Сондықтан да ол маңайына тек Сайбан ұрпағы емес, Шыңғысханның өзге балаларының да, Жошының өзге бұтағын да жинаған. Тек бұлардың бірде-бірі өзінен ақылды болуға тиісті емес және үнемі оның ойынан шығып отыруы керек. Солай болып та келген. Тек соңғы кезде ғана Орда маңындағы сұлтандар арасындағы дау-жанжал күшейе түскен. Әсіресе, бұл алауыздыққа дем беріп жүрген ақыл-айлалы Жәнібек сұлтан. 

Вот почему обратился он за советом к предкам.

Назидание Чингисхана своим сыновьям вспомнилось ему. Когда разделил между ними Чингисхан мир на четыре улуса, захотели сыновья услышать от него добрый совет, как управлять людьми. Первым обратился к нему старший сын Джучи:

– Скажи, о обладатель великой славы и покоритель вселенной, каким должен быть подлинный хан?

– Чтобы угодить людям, хан должен быть умным, а чтобы люди угождали ему, должен быть сильным! – ответил Чингисхан.

Второй сын, Джатагай, спросил:

– Как сделать так, чтобы люди уважали тебя?

– Не лишись трона! – ответил Чингисхан.

Тогда третий сын, Угедей, обратился к отцу:

– Как же сохранить трон?

– Не допускать в свое окружение никого умнее себя! – ответил Чингисхан.

И четвертый сын, Туле, спросил у отца:

– Чем должен жертвовать хан для славы своей?

– Сыном! – ответил Чингисхан.

Судя по всему, сыновья помнили советы отца и относительно благополучно закончили свои дни. Не лишнее ли это доказательство, что и ему надлежит прислушаться к ним? С самого начала своего правления Абулхаир окружал себя не только шейбанидами, но и другими потомками Джучи. И отпрыски остальных чингизидовских родов находили место в его ставке. Но ни один из них не был умнее хана. Так во всяком случае казалось Абулхаиру, потому что все они низко склоняли головы перед ним и замолкали, когда начинал он говорить.

Но вот объявился среди них султан Джаныбек.