Мәтіндер

Ілияс Есенберлин. Көшпенділер. Жанталас

Ел басына төнгелі келе жатқан мұндай ауыр кезеңді дұрыс ұғып, терең болжап, болашақ тарихы мен тағдырының төрт жағынан бірдей соққалы тұрған сұрапылдан халқын құтқарар кімі бар?

Мұндай жанталаста халық алдыңғы шепке ең алдыменен өзінің тәжірибесін, ақыл-парасатын, табандылығын салуға тиісті. Өйткені қазақ елін көкпар етіп ала қашуға дайындалып жатқан ең бірінші қасы оған айқын еді.

Шыңғысхан құрған монғол хандығының ғұмыры екі жүз жылға жетпеді. Бір кездегі ұлы көшпелі мемлекет Қарақұрым ордасы Құбылайдың тұсында Пекинге көшісімен-ақ монғол хандығы делінуден қалды. Құбылайдан кейінгі Қытай боғдыхандары енді өздерін Шыңғыс мұрагерлері санап, монғолдың атамекен көне қонысы түгіл, «Бар әлемді тітіретуші» жирен сақалды ханның жаулап алған жерлерін де бауырларына басқысы келді. Бұлар енді бір кезде ұлы Қытай империясын Шыңғысханның күшпен жаулап алғанын, оның көп шаһарларын тып-типыл етіп қиратып, егістік даласын малға жайылым еткісі келгенін ұмытты.

Ал монғол жеріндегі ұлы Қарақұрым хандығы да бөлшектене бастады. Өзара қырқыс, жанжал бір жағынан, күнгей үрдісінде пайда болған манчжур хандарының ұзақ жылғы ұрыстары екінші жағынан берекесін алып, бұлардың бұрынғыдай іргелі ел болып отыруына мүмкіндік бермеді. Оның үстіне негізгі кәсібі мал бағу болған, әр аулы әр бөлек қонған монғол шонжарларына қыс қыстау, жаз жайлау жетпей, елге қоныс, малға өріс тапшылығы тағы бір пәле болды. Әсіресе батыс монғол тайпалары Чорас, Ойрат, Торғауыт, Төлеуіт рулары Қытай боғдыхандарының тегеурініне шыдай алмай атамекен қоныстарын тастап, жер іздеп босып кеткен. Бір бөлегі Сібір жеріне, қалғаны Ертіс бойына, Тарбағатай тауына қарай ойысты. Қалмақ аталған бір бөлегі жер іздеп, көше-көше тіпті Еділдің төменгі сағасына өтіп кетіп, Айдархан (Астрахань) маңайында көшпелі аймақ боп тұрып қалды.

И в предчувствии всей этой кровавой сумятицы кому‑то нужно было присмотреться, разобраться, определить, как уцелеть целому народу на всех четырех ветрах истории.

Народные опыт, мудрость, стойкость должны были сказать свое нелегкое веское слово. В том, откуда навалится первый, самый беспощадный игрок, сомнений не было…

И двухсот лет не просуществовало созданное Чингисханом Монгольское ханство. Уже с перенесением ханом Хубилаем столицы из Каракорума в Пекин оно, по существу, перестало быть монгольским. Зато последующие богдыханские, императорские династии, пользуясь этим, стали из века в век претендовать не только на древние монгольские земли, но и чуть ли не на все страны, завоеванные некогда рыжебородым «Потрясателем Вселенной». Их не смущало, что сам‑то Пекин оказался под пятой завоевателя, который одно время раздумывал о том, не превратить ли ему всю Поднебесную империю в безлюдное пастбище для скота.

Нелегко пришлось многочисленным родам и племенам, входившим в великомонгольский племенной союз, когда распались держава Чингисхана. Особенно трудно было западным родам ойрот, чорас, торгаут, тулеут и тулегут, вошедшим потом частично в Джунгарское и затем в Калмыцкое кочевые государства. Неустанно и беспощадно теснимые китайскими войсками, они теряли свои древние пастбища джайляу и вынуждены были в поисках новых пастбищ двигаться на запад. Это в полной мере удовлетворяло китайских богдыханов какой бы династии они ни принадлежали), видевших в этих воинственных племенах как бы авангард своей экспансии в Казахскую степь, Сибирь и Среднюю Азию. Когда отдельные контайчи выходили из подчинения этой коварной политики и обращали оружие против китайских, а затем маньчжурских войск, они планомерно и беспощадно уничтожались. Кочевники вырезались целыми аймаками со стариками, женщинами и детьми.

   Многие роды двинулись в Сибирь, Прииртышье и горы Тарбагатай, вытесняя местное население. Другие прошли дальше и, перейдя Казахскую степь, образовали за Волгой, у Астрахани, свой Калмыцкий аймак.