Мәтіндер

А.Беляев. Адам-амфибия

Аргентина жазының қаңтардағы қапырық түні. Қараңғы аспанда жұлдыздар жамыраған кез. «Медуза» зәкір тастаған күйі тырп етпестен жағада тұр. Шолп-шолп соққан толқын да, сықырлаған кеме құрал-жабдықтары да түн тыныштығын бұза алар емес. Мұхит бейне қалың ұйқыға шомғандай.

Кеме палубасында жартылай жалаңаш інжу тергіштер жатқан. Жұмыс пен аптап ыстықтан қалжыраған байғұстар аунақшып, аһылап-үһілеп, ұйқысырап жатып ара-тұра айқайлап та жібереді. Аяқ-қолдары әлсін-әлі ербең ете түседі. Бәлкім, түстерінде ежелгі жаулары акулаларды көріп жатыр ма, кім білсін. Осынау үп еткен желі жоқ тымырсық күндерде жұрттың жұмыстан титықтайтыны соншалық, інжу теру аяқталған соң, байғұстардың қайықтарын палубаға көтеруге де шамалары келмейтін. Әйткенмен, соны көтеріп те қажеті жоқ-ты: ауа райы өзгерерліктей еш белгі білінбеген. Сондықтан да қайықтар түнемелікке зәкір шынжырына байлаулы күйінде, су бетінде қалдырылған. Тақтайшалары тегістелмеген, такелаждары дұрыстап тартылмаған, жиналмаған үш бұрышты желкені самал желмен сәл-пәл дірілдей желбіреп қояды. Палубаның бак пен ют арасындағы бос жерінде тау-тау болып үйіліп інжу қауашақтары, маржан тастарының сынықтары, терімшілер байланып ап су түбіне түсетін арқандар, тапқан қауашақтарын салатын кенеп қапшықтар, бос күбілер жатыр. Кеменің артқы жақтауына тақау тұрған діңгектің түбіне ішіне 6 ауыз су құйылған және сабына шынжыр байланған темір ожауы бар, үлкен күбі қойылған. Күбінің айналасында палубаға су төгілгеннен қалған қара дақтар көрінеді.

Мезгіл-мезгіл терімшілердің біресе анасы, біресе мынасы ұйқылы-ояу күйде ұйықтап жатқандардың аяқ-қолдарын баса-маса, қалбалақтап жүріп су тұрған күбіге қарай беттейді. Көздерін де ашпастан ожауды толтыра қылқылдата жұтады да, бейне бір су емес, таза спирт ішкен кісідей кез келген жерге сұлай-сұлай кетіседі. Терімшілерді қинайтын шөл еді: ертеңгісін жұмысқа барарда тамақ ішу қауіпті адам деген мұндайда судың қысымын қатты сезінеді, сол себепті олар күні бойы, қашан су бетіне қараңғылық түскенше аштан-аш жүріп жұмыс істейтін де, тек ұйықтар алдында ғана тамақ ішуге мәжбүр болатын, оның үстіне беретіндері тұздалған ет болса...

Наступила душная январская ночь аргентинского лета. Черное небо покрылось звездами. «Медуза» спокойно стояла на якоре. Тишина ночи не нарушалась ни всплеском волны, ни скрипом снастей. Казалось, океан спал глубоким сном.

     На палубе шхуны лежали полуголые ловцы жемчуга. Утомленные работой и горячим солнцем, они ворочались, вздыхали, вскрикивали в тяжелой дремоте. Руки и ноги у них нервно подергивались. Быть может, во сне они видели своих врагов – акул. В эти жаркие безветренные дни люди так уставали, что, окончив лов, не могли даже поднять на палубу лодки. Впрочем, это было не нужно: ничто не предвещало перемены погоды. И лодки оставались на ночь на воде, привязанные у якорной цепи. Реи не были выровнены, такелаж плохо подтянут, неубранный кливер чуть‑чуть вздрагивал при слабом дуновении ветерка. Все пространство палубы между баком и ютом было завалено грудами раковин‑жемчужниц, обломками кораллового известняка, веревками, на которых ловцы опускаются на дно, холщовыми мешками, куда они кладут найденные раковины, пустыми бочонками. Возле бизань‑мачты стояла большая бочка с пресной водой и железным ковшом на цепочке. Вокруг бочки на палубе виднелось темное пятно от пролитой воды.

От времени до времени то один, то другой ловец поднимался, шатаясь в полусне, и, наступая на ноги и руки спящих, брел к бочке с водой. Не раскрывая глаз, он выпивал ковш воды и валился куда попало, словно пил он не воду, а чистый спирт. Ловцов томила жажда: утром перед работой есть опасно – слишком уж сильное давление испытывает человек в воде, – поэтому работали весь день натощак, пока в воде не становилось темно, и только перед сном они могли поесть, а кормили их солониной.