Мәтіндер

Астрид Линдгрен. Балақай және шатырда тұратын Карлсон

Балақайдың әке-шешесі күнде кешкілік серуен құратын. Міне, бүгін де анасы ауыз үйден:

Балақай! Кристер мен Гунилла сағат сегізге дейін сенде бола тұрсын, содаң соң сен төсегіңе тез жата қал. Біз қайтып келген соң, мен саған «қайырлы түн» айтып шығармын, деп дауыстады.

Балалар сыртқы есіктің тарс жабылғанын естіді.

Анаң менің қай уақытқа дейін болатынымды неге айтпады? деп сұрады Карлсон. Егер бәрің маған бұлай әділетсіз болсаңдар, онда мен сендерге қосылмаймын.

Сен өзің қанша қаласаң, сонша бола бер, деп жауап берді Балақай.

Мыналар сияқты неге мені де тура сегізде айдап шықпайды? деді Карлсон өкпелі үнмен. Жоқ, мен бұлай ойнамаймын!

Жарайды, онда сені де сағат сегізде үйден айдап шық деп анама айтармын, деп уәде берді Балақай.

Мама и папа Малыша ежедневно гуляли по вечерам. Вот и сегодня мама крикнула из прихожей:

Малыш! Кристер и Гунилла могут остаться у тебя до восьми часов, потом ты быстро ляжешь в постель. А когда мы вернёмся, я пожелаю тебе «спокойной ночи».

Дети услышали, как хлопнула входная дверь.

А почему твоя мама не сказала, до какого часа я могу здесь остаться? спросил Карлсон. Если все ко мне так несправедливы, то я с вами не буду водиться.

Ты можешь остаться здесь до скольких хочешь, ответил Малыш.

А почему и меня не выставят отсюда ровно в восемь, как этих? сказал Карлсон обиженным тоном. Нет, так я не играю!

Хорошо, тогда я попрошу маму, чтобы она и тебя выставила из дома в восемь часов, пообещал Малыш.