Сілтеу есімдігі
Сілтеу есімдіктері – нұсқау, сілтеп көрсету мәнінде қолданылатын сөздер. Сілтеу есімдіктеріне:
бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, осынау, міне, әне, сонау, әнеки, анау, т.б. сөздер
жатады. Сілтеу есімдік қай? қайсы? деген сұрақтарға жауап береді.
Сілтеу есімдіктері заттар мен құбылыстарды нұсқап
көрсетуде олардың алыс-жақын қашықтығына қарай қолданылады.
Барыс септігінің сұрақтары: кімге? неге?
Қосымшалары: -ға/-ге,-қа/-ке.
Барыс септігіндегі сөз қимылдың кімге, қай жаққа бағытталғанын
білдіреді.
Сондай-ақ барыс септігі төмендегідей мәндерді білдіреді:
-іс-әрекеттің мақсатын: Алтай атасымен амандасуға
келді.
-іс-қимылдың
мөлшерін: Конференция екі күнге созылды.
-неге
арналғанын, қызметін: Айтарға сөзі жоқ. т.б. білдіреді.
Бұйрық рай іс-әрекетке
қозғау салу, түрткі болу мақсатында айтылады.
Мен банкке барайын.
Сен баспаға бар.
I жақта бұйрық мәнінен гөрі ниет, тілек мәні басым
болады.
– Дүкенге кім барады?
– Мен барайын.
– Келушілерді кім қарсы алады?
– Мен қарсы алайын.
II жақтағы бұйрық рай адамды әрекет етуге міндеттейді.
– Келушілерді қарсы алуға сен бар.
– Қонақтарды сен күтіп ал.
– Сағатқа қара.
Модаль сөздер – сөйлемде айтылған
ойға сөйлеушінің қатынасын білдіреді.
Жасалу жолы:
Етістік
+ тұйық етістік (-у) тәуелдік жалғау +керек/қажет
Сұрау есімдіктері – заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын т.б. білу мақсатында айтылатын сөздер.
Сұрау есімдіктеріне кім? не? қалай? қашан? қай? қандай? қайдан?
нешеу? қайда? қайсы? сұрақтары жатады.
Сұрау есімдіктері – заттар мен
құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын т.б. білу
мақсатында айтылатын сөздер. Сұрау есімдіктеріне кім? не? қалай? қашан? қай?
қандай? қайдан? нешеу? қайда? қайсы? сұрақтары жатады.
Барыс септігінің сұрақтары: кімге? неге?
Қосымшалары: -ға/-ге,-қа/-ке.
Барыс септігіндегі сөз қимылдың кімге, қай жаққа бағытталғанын
білдіреді.
Бұйрық рай іс-әрекетке
қозғау салу, түрткі болу мақсатында айтылады.
Мен банкке барайын.
Сен баспаға бар.
I жақта бұйрық мәнінен гөрі ниет, тілек мәні басым
болады.
– Дүкенге кім барады?
– Мен барайын.
– Келушілерді кім қарсы алады?
– Мен қарсы алайын.
II жақтағы бұйрық рай адамды әрекет етуге міндеттейді.
– Келушілерді қарсы алуға сен бар.
– Қонақтарды сен күтіп ал.
– Сағатқа қара.
Реттік сан есім
Реттік
сан есімдер заттың саналу ретін, орнын, тәртібін білдіріп,
-нешінші?-қаншасыншы? деген сұрақтарға
жауап береді.
Жасалу жолы: Сан есім + -ыншы, -інші, -ншы, -нші
Жатыс септігінің сұрақтары: кімде? неде?
қайда?
Қосымшалары: -да/-де, -та/-те
Жатыс септігі
іс-қимылдың орнын, мекенін білдіреді
Табыс септігінің сұрақтары: кімді? нені?
Қосымшалары:-ны/-ні,-ды/-ді,-ты/-ті.
Табыс
септігі іс-әрекеттің нысанын білдіреді.