Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады.
Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?
Зат есімге және зат есім орнына колданыла алатын (заттанған)
сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла
алады.
Қалау райы
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады.
Жұрнақтары: -ғы\гі\қы\кі
Мысалы: Менің оқығым келеді.
Сұраулық шылаулар: -ма/ме/ба/бе/па/пе
Мысалы: Көргің келе ме?
Саяхатқа шығасың ба?